Путин Волгоград қаласын Сталинград деп атау туралы ұсыныс жөнінде "ойланып көретінін" айтты
Ресей президенті Владимир Путин коммунистік партия лидері Геннадий Зюгановтың Волгоградтың атын Сталинград деп өзгерту туралы ұсынысы жөнінде ойланып көретінін айтты.
"Ойлану керек. Жергілікті халық шешеді, бірақ тұтас алғанда Ұлы отан соғысына қатысы мен Сталиннің жеңістегі рөлін ескеру керек және мұны саясиландырмауға тырысу қажет" деді Путин. Оның сөзінен РБК үзінді келтіреді.
Путин сонымен бірге Сталин тұсындағы репрессия мен оның Ұлы отан соғысы кезінде жеңіске қосқан үлесін ұмытпау керек екенін алға тартқан.