Думан Мұхаммедкәрім адвокатына камерасына жарылғыш зат лақтырылғанын айтты
Қызылорда түрмесінде отырған журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрім 29 тамыздан бері аштық ұстап отыр. Өзінің қауіпсіздігіне алаңдаған белсенді өзін Алматыдағы мекемеге ауыстыруды талап етеді. Бұл жөнінде адвокаты Ғалым Нұрпейісов Азаттыққа хабарлады. Адвокат бүгін, 18 қыркүйекте Қызылордадағы түрмеге кіріп, белсендімен кездесіп шыққан.
Адвокаттың сөзінше, Думан Мұхаммедкәрім аштық ұстауына 6 тамызда болған жайт себеп болғанын айтқан.
Белсенді адвокатына 6 тамызда оның камерасына есіктің кішкентай терезесінен шағын зат лақтырылып...