Ұлттық банк крипторезерв тұжырымдамасын әзірлеп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында Ұлттық Банктің базасында Мемлекеттік цифрлық активтер қорын (крипторезерв) құру жөнінде тапсырма берілген болатын. Ұлттық банктегілер қазір бұл жұмыс қандай сатыда екенін мәлім етті.
— Қазір уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп тұжырымдама әзірленіп жатыр. Онда қорды қалыптастыру көздері, оны жинақтау және пайдалану тетіктері, сондай-ақ тәуекелдерді басқару мен активтердің тәуекел-профилін айқындау тәсілдері қарастырылады....