Таразда су ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесі енгізіледі
Мемлекет басшысы жүктеген тағы бір маңызды міндет – 2025 жылдың соңына дейін халықты 100 пайыз ауызсумен қамту. Осы мақсатта Таразда 2023-2025 жылдары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында республикалық, облыстық бюджеттің қолдауымен 10,2 миллиард теңгеге 641,7 шақырым су құбыры жүргізілген. Нәтижесінде 56 мыңнан астам тұрғын тіршілік нәрімен қамтылды. Биыл тағы 6 көшеге ауыз су құбырлары тартылмақ
Былтыр шаһар аумағында 9,8 шақырымға созылған 10 көшенің ауызсу құбыры жергілікті бюджет есебінен жаңартылған.