Израиль хуситтер бақылауындағы Ходейда портына соққы жасады
Израиль сейсенбі күні ираншыл хуситтер бақылауындағы Ходейда портына әуеден соққы жасады. Соққы жасалғанын хуситтер де, Израиль әскері де хабарлады.
ЦАХАЛ-дың хабарлауынша, Израиль әскері Ходейдадағы хуситтердің әскери инфрақұрылымын соққылаған. Бұл хуситтердің Израиль аумағына ракета және дрон шабуылына жауап ретінде жасалып отыр.
Хуситтердің өкілі өз кезегінде әуе қорғаныс жүйесі Израиль шабуылына тойтарыс бергенін хабарлады.
Өткен аптада хуситтер жіберген дрондардың бірі Израильдің оңтүстігіндегі Рамон әуежайына жетіп...