Қошмамбеттегі азаптау ісі: Экс-полицейлер жазаны жұмсарту туралы өтініш тапсырды
Алматы облысында Қаңтардағы азаптау бойынша үш жылға бас бостандықтарынан айырылған бұрынғы полиция қызметкерлері жазаның өтелмеген бөлігін жұмсағырақ жазамен алмастыру туралы өтініш берді. Бұл жөнінде Азаттық Азияға адвокат Гүлнар Жуаспаева хабарлады.
Бұрынғы полицейлер 2022 жылдың басында Қаңтар оқиғасы кезінде Қошмамбет ауылындағы азаптауларға кінәлі деп танылған. Бұл іс бойынша Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары жәбірленуші танылған.
2025 жылы қаңтарда Қарасай аудандық сотында бұрынғы алты полицейге үкім оқылған.