Астана соты министрліктің өтінішін орындап, Азаттықтың шағымын қарауды тоқтатты
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өтінішімен Азат Еуропа/Азаттық радиосы Қазақ қызметінің аккредитацияға қатысты шағымын қарауды тоқтатты.
Адвокат Лилия Чаусованың сөзінше, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілдері бұған дейін "осыған ұқсас 7 тілшінің аккредитациясы бойынша" іс қарастырылғанын алға тартып, "бұл істер бір-біріне әсер етеді" деген. Олар алдыңғы іс бойынша шешім күшіне енгенге дейін істі қарауды тоқтатуды сұрады.
"Әрине, біз бұған келіскен жоқпыз.