Атқарылып жатқан жұмыстар халыққа нақты пайдасын тигізуі керек – Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек құрылыс және инфрақұрылым салаларындағы өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады.
Одан кейін бірқатар басқарма басшысына сөз берілді.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың мәліметінше, білім беру ұйымдарының автономды қазандықтарына қажетті 41 572 тонна көмірдің 28 153 тоннасы жеткізілген. Дегенмен, Меркі, Т.