АЭС референдумы алдында ұсталған бесеудің соты қалай өтіп жатыр?
АЭС референдумы қарсаңында ұсталған бес адамның Алматыдағы сот процесі аяқталуға жақын. Айыптау тарапы зейнеттегі және зейнетке таяп қалған ер азаматтар 2024 жылғы 6 қазандағы дауыс беру күні "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған" деді. Қорғаушылар істе ойран салуға дайындықты дәлелдейтін айғақ жоғын айтып отыр.