Қала бюджетіне өзгерістер енгізілді
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясына қатысты.
Жиында әуелі қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндады.
2025 жылға арналған қалалық бюджетті нақтылау жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96-бабын...