AFP: Бакуде Израиль және Сирия өкілдері кездесті
Сирия президенті Ахмед аш-Шараа Бакуге барған күні Әзербайжан астанасында Израиль және Сирия өкілдерінің тіке кездесуі өтті. Бұл жөнінде Дамаскідегі аты-жөнін атамаған дереккөзге сүйенген AFP жазды.
Дереккөз дегенмен Сирия президентінің "Израильдің Сириядағы әскери қимылы" талқыланған кездесуге қатыспағанын айтты.
Былтыр желтоқсанында Сирияда Башар Асад режимі құлағаннан кейін Израиль Сирияның әскери нысандарына әуеден соққы беріп, өз әскерін БҰҰ бақылауындағы буферлік аймаққа жіберген.
"Әл-Каидамен"...