Астана Ауғанстандағы жобаларға қызығушылық білдірді
Қазақстандық компаниялар Ауғанстан аумағындағы ірі жобаларға қатысқысы келеді деп мәлімдеді Қазақстан сыртқы істер министрі, вице-премьер Мұрат Нұртілеу Кабулда тәліптер үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктерімен кездесу кезінде.
"Талибан" үкіметінің экономика жөніндегі вице-премьері Абдул Ғани Барадар Торғынды – Герат темір жол жобасын инвестициялау мақсатында Қазақстанмен 500 млн долларлық меморандумға қол қойылғанын хабарлады.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі таратқан ресми хабарламада құйылған қаражат көлемі айтылмайды.