Өзбекстанда дәріге уланып, сал ауруына шалдыққан қыз қайтыс болды
Өзбекстанда жөтелге қарсы «Док-1 Макс» дәрісін ішіп, мүгедек болып қалған Жизақ облысының тұрғыны, 1 топтағы мүгедек 8 жасар Мүслима Зиевбоева қайтыс болды.
Қыздың әкесі Gazeta.uz сайтына қызының қайтыс болғанын растады.
Сот құжаттарына сәйкес, Мүслиманың ата-анасы дәрігерлердің кеңесімен 2022 жылдың желтоқсан айында оған жөтелге қарсы «Doc-1 Max» шәрбатын берген. Көп ұзамай қыздың бүйрегі істен шығып, зәр шығара алмай қалған.
Кішкентай қыз алдымен жергілікті ауруханаға жатқызылған, одан кейін Ташкенттегі...