Іссапармен-ауданда
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Анас Баққожаев ауданға жұмыс сапарымен келді. Қостөбе ауылдық округіндегі «Айымкүл» жеке кәсіпкерлігі салып жатқан көкөніс сақтау қоймасының құрылыс нысанында болып, кәсіпкермен кездесті.
Жоба «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 2,5% жеңілдетілген несиемен қаржыландырылуда. Қойманың өндірістік қуаттылығы – 10 мың тонна. Кездесу барысында өнімді қабылдау, сақтау технологиялары мен салалық тәуелділіктер талқыланды.