Облыс әкімі Тараз қаласындағы бірқатар құрылыс нысанын аралады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласын аралау барысында Әулиеата ауданына қарасты «Шайқорық» алқабындағы көтерме көкөніс сақтау қоймасының жұмысымен танысты.
Аталған қойманың жалпы сыйымдылығы – 2000 тонна, ал аумағы – 1000 шаршы метрді құрайды. Жобаны жүзеге асыруға 312 млн теңге бағытталған. Оның ішінде 100 млн теңге «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан қаржыландырылған.
Қоймада -18°С-тан +1°С-қа дейінгі температура режимінде көкөніс және басқа да өнім түрлері сақталады.