"Мемлекетке опасыздық жасаған". Ресей соты Қазақстан тумасын 17 жылға бостандығынан айырды
Мәскеудегі 2-Батыс округтік әскери соты Қазақстан тумасы Пётр Горбуновты "мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін айыпты" деп, 17 жылға бостандығынан айырды.
Мұны Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) баспасөз қызметінен алған ақпаратқа сүйеніп ТАСС хабарлады.
Тергеу нұсқасы бойынша, айыпталушы Ресейде террористік ұйым деп танылған құрылым өкілдерімен байланыс орнатқан. Ақпаратта ол қандай ұйым, қашан тыйым салынғаны айтылмаған. ФСБ мәліметінше, "Горбунов орманнан жарылғыш зат жасырылған қойманы тауып...