Ресей Мәскеу өңіріндегі әзербайжан диаспорасы жетекшісін депортациялады
Ресейдің Мәскеу облысындағы әзербайжан диаспорасының жетекшісі Елшан Ибрагимов Әзербайжанға депортацияланды. 4 шілде күні Ибрагимов Ресей азаматтығынан айырылған. Ресейлік РБК сайтының хабарлауынша, Ибрагимов Бакуге аттанған.
"Известия" басылымы Ибрагимовтың әуежайда түсірілген видеосын жариялады. Видеода ол депортациялау туралы шешім сіз күтпеген жағдай болды ма деген сұраққа "иә" деп жауап қатқан. Ибрагимов "аздап жабырқап" қалғанын айтқан.
Елшан Ибрагимов Ресейде 30 жылға жуық уақыт тұрды. 2018...