Эстония шетке сатылатын ресейлік мұнайдың баррелінің бағасы 45 доллардан аспасын дейді
Еуропа одағы Ресейге қарсы салатын 18-санкциялар пакетінде шетке сатылатын ресейлік мұнайдың бағасы бір барреліне 60 доллар деп белгіленген қазіргі шекті межені 45 доллар етіп төмендету қарастырылмаса, онда Эстония Еуропа одағының бұл шешіміне вето қоюы мүмкін. Эстонияның сыртқы істер министрі Маргус Цахкна осылай деп мәлімдеді.
Бұған дейін Еуропалық комиссия Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакеті аясында ресейлік мұнайдың баға шегін 45 долларға дейін түсіруді ұсынған. Алайда 8 шілде күні Delfi басылымы хабарлағандай...