Дастан Сәтбаев Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас қазақстандық атанды
Алматының "Қайрат" футбол клубының 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында Словенияның "Олимпия" командасының қақпасына гол соғып, осы турнирде гол соққан ең жас қазақстандық атанды. Оған қоса Сәтбаев осы жарыстың іріктеу кезеңдерінде гол салған тарихтағы ең жас ойыншылар қатарына енді.
Қазақстандық шабуылшы "Олимпия" қақпасына 16 жастан 331 күн асқанда (яғни 16 жас, 10 ай, 26 күн) гол соқты. Осылайша Еуропаның футбол клубтарының басты турнирі – Чемпиондар лигасында...