Ұлыбритания Сириямен дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтірмек
Ұлыбритания Сирияда көп жылға жалғасқан азамат соғысынан кейін бұл елмен дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіретінін мәлімдеді.
"Сирия халқының жаңа үміті оянды. Елдің жаңа үкіметінің күллі сириялықтар үшін тұрақты, қауіпсіз әрі өркендейтін болашақ құру жолындағы міндеттемелерін қолдау – біздің мүддемізге сай келеді", – деп мәлімдеді 5 шілде күні Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми.
Дэвид Лэмми сол күні Сирия астанасы Дамаскіге ресми сапармен барған. Бұл кейінгі 14 жылда Ұлыбритания...