Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамдық орында ниқабқа тыйым салатын билік шешіміне түсіністік танытуға үндеді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамдық орында ниқабқа тыйым салатын үкімет шешіміне қатысты мәлімдемесін ресми сайтында жариялады.
Діни басқарма мәлімдемесінде қоғамдық орында адамның бет-әлпетін толық жабатын киім (оның бірі ниқаб) киюге тыйым салатын шешім "қандай да бір діни сенімді немесе жеке таңдауды шектеу үшін емес, ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігінен туындап отырғаны" айтылған. ҚМДБ қазіргі кезде әлемнің көптеген елі, оның ішінде мұсылман елдері де қауіпсіздік...