Бакуде ұсталған "Sputnik" агенттігінің бес қызметкері қолхатпен босатылды
Әзербайжан астанасында құқық қорғау органдары ұстаған ресейлік "Sputnik" ақпарат агенттігінің Әзербайжан филиалының бес қызметкері елден шықпау туралы қолхат беріп, бейсенбі күні қамаудан босап шықты.
Мұндай шешім тек Әзербайжан азаматтығы бар агенттік қызметкерлеріне қатысты қабылданды. Ал содан екі күн бұрын тұтқындалған филиалдың атқарушы директоры Игорь Картавых пен шеф-редактор Евгений Белоусов абақтыда отыр.
"Sputnik Әзербайжан" агенттігі қызметкерлерінің қамауға алынуы Мәскеу мен Баку арасындағы...