Белградта үкіметке қарсы жаппай шеру болып, полиция мен наразылар қақтығысты
28 маусымда Сербия астанасы Белградтағы Славия алаңында өткен үкіметке қарсы митингіге мыңдаған адам қатысты. Оппозициялық шерудің соңы демонстранттар мен полицияның қақтығысына ұласты деп хабарлады осы шарадан тікелей трансляция жүргізген Азаттықтың Балкан қызметі.
Сенбідегі наразылық жиынына негізінен студент жастар жиналған. Белградтың орталығындағы көшелер жабылған. Ішкі істер министрлігі қауіпсіздік шараларының ең жоғары деңгейін енгізген.
Наразылық шеруіне шыққандар биліктен елде кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді талап еткен.