Министр 16 млн қазақстандықтың жеке деректерінің тарағаны жөнінде: бұрын ұрланған
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 16,3 млн қазақстандықтың жеке дерегі қолды болғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Оның түсіндіруінше, деректер "бұрын" қолды болған, ал желіге қазір жарияланып отыр.
"Бұл 2024 жылдың 1 мамыр күнгі деректер. Жаңасы болған жоқ. Уақыт өткен сайын олар жүйеге, даркнетке жарияланып жатқанын көріп отырсыздар. Бір жерде аты-жөндер, бір жерде жеке сәйкестендіру нөмірі, бір жерде телефондар. Бірақ олар ашық жарияланған кезде оларды бірден жабамыз" деді Мәдиев.