Орталық Азия басшылары мен Қытай төрағасы ықпалдастық мәселелерін талқыға салады
Бүгін елордада «Орталық Азия — Қытай» ІІ саммиті өтеді. Оған өңірдегі 5 мемлекеттің басшылары мен Қытай Халық Республикасының төрағасы қатысады.
Айта кетерлігі, бірінші саммит 2023 жылдың 19 мамырда Қытайдың Сиань қаласында өткен еді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барып қатысқан сол саммитте Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйлеп...