Қазақстанда 46 градусқа дейін күн ысиды
Қазгидромет 17, 18 және 19 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елдің көп бөлігінде солтүстік-батыс циклон өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғады. 18-19 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, тіпті бұршақ та жаууы мүмкін.
- Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы 17-25-тен 15-23 градусқа дейін, күндіз 25-35-тен 20-31 градусқа дейін төмендейді.