Гарвардта қанша қазақстандық білім алып жүр
Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі Гарвардты шетелдік студенттерді оқыту құқығынан айыру туралы шешімге пікір білдірді.
– Гарвард университетіне қатысты бізге сауалдар түсіп жатыр. Біз тек мына ақпаратпен бөлісе аламыз: бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвардта 7 адам білім алуда. Басқа бағдарламалар немесе өз қаражатына оқып жатқан студенттер туралы мәлімет бізде жоқ. Мұндай жағдайлар бойынша тиісті сұраулар жолданады, — деп жазды министрліктің ресми өкілі Олжас Беркінбаев Facebook желісінде.