ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: Тарихи-мәдени ескерткіштерге тазалық жұмыстарын жүргізді
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен үстіміздегі жылғы 5 маусымы мен 5 шілдесі аралығында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы өткізіліп жатқаны белгілі. Аталған акция Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және еліміз бойынша «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Аталған бастама қоршаған ортаны қорғау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау ісінде ерекше маңызға ие. Осы мақсатта, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың...