Президент Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті, — делінген хабарламада.
Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.