Блейз Метревели – британ сыртқы барлауын басқаратын алғашқы әйел
Ұлыбританияның сыртқы барлау қызметінің басшылығына 47 жастағы Блейз Метревели тағайындалғанын жексенбі күні үкіметтің баспасөз қызметі жария етті деп хабарлады BBC News.
Блейз Метревели – бүкіл әлемге MI6 атауымен танылған британ сыртқы барлауын басқаратын алғашқы әйел болмақ. Ол кейінгі бес жыл MI6 басшылығында отырған Ричард Мур биыл күзде қызметтен кеткен соң соның орнына барады.
Метревелиді тағайындауға байланысты сөзінде премьер-министр Кир Стармер қазіргі кезде барлау қызметі аса маңызды болып отырғанын айтқан...