Иран-Израиль қақтығысы: қаза тапқандар мен жараланғандар көбейіп жатыр
16 маусымға қараған түні Иран Израильге қарай тағы да зымырандар атып, салдарынан Израильдің орталық бөлігінде кемінде 8 адам қаза тауып, шамамен 300 адам жараланды деп жазды The Times of Israel басылымы.
Петах-Тиква қаласында зымыран тұрғын үйге түсіп, төрт адам қаза тапқан. Тағы үш адам Хайфада, және бір адам Иерусалимнің маңында мерт болған.
Жексенбінің кешінде Иран шамамен 30 зымыран атқан. Олар Израильдің бірнеше аймағына жеткен.
"Тель-Авив округіндегі екі елді мекенге снарядтар түскені жайлы ақпарат жетті.