АҚШ-та Трамптың туған күні – наразылық пен әскери парад өтті
АҚШ-тың ондаған қаласында 14 маусымда "Патшаларға жол жоқ" атты ұранмен президент Дональд Трамптың саясатына қарсы наразылық акциялары өтті. Ұйымдастырушылар акцияны елдің мыңнан астам қаласында өткізетінін және оған миллионнан астам адам қатысуы мүмкін екенін айтқан.
Акциялардың ірілері Нью-Йорк, Филадельфия, Хьюстон, Атланта, Филадельфияда өтті. Наразылық акциясы Лос-Анжелесте де өтті. Бұл жақта бұған дейін мигранттарға қарсы шараларға байланысты наразылық тұтанып, әскер кіргізілген еді. Штат губернаторы...