Қошмамбеттегі азаптау ісі: апелляциялық сот үкімді өзгертпеді
10 маусымда Қонаев соты Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарын азаптады деп айыпталған алты полицейге бірінші инстанцияда шыққан үкімді өзгертпеді. Бұл жөнінде жәбірленуші 23 Өзбекстан азаматының құқығын сотта қорғаған заңгерлердің бірі Айна Шорманбаева хабарлады.
"Қылмыстың дұрыс сараланбағанына, сонымен бірге біз қорғап отырған Өзбекстанның 23 азаматының тек үшеуіне өтемақы тағайындалғанына қатысты шағымымызды сот қанағаттандырмады. Бұған қоса, сот куәгерлердің...