Қазақстан Қытайдан 836 млн доллар қарыз алмақ. Бұл борыш қолайлы ма, қауіпті ме?
Қазақстан Қытайдан жиыны 6 млрд юань, яғни 425 млрд теңге (836 млн доллар) қарыз алмақ. Бұл туралы Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Астана бұл қарызды екі бөліп алуды көздеп отыр: 1 млрд юаньды Қытайдың Industrial and Commercial Bank of China деген мемлекеттік банкінен несие түрінде, екіншісін құнды қағаздарын сатуға қою арқылы.
1 млрд юань немесе 71 млрд теңгені үкімет "Өнеркәсіпті дамыту қорына" бермек. Бұл қор Қазақстандағы өнеркәсіптік компанияларға, яғни зауыт, фабрикаларға несие берумен айналысатын...