Бүгінгі валюта бағамы қандай
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 — 514 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 9 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,19 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,46 теңге. Еуро — 582,79.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —510,6 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 581 сату құны — 585.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге.