"Нағыз бомба тастайтын уақыт келді". Трамп пен Масктың текетіресі
6 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп пен миллиардер Илон Маск желіде бір-бірін айыптап, сөз таластырды. Бұл – біраз уақыт бұрын бір-бірін мақтап, қол алысып жүрген екеудің алғашқы ашық текетіресі.
6 маусымда Трамп Ақ үйде журналистерге Масктан "көңілі қалғанын" айтып, "енді арамыз бұрынғыдай болмайды-ау" деді. Ал 5 маусымда Маск Х желісінде Трамптың салық пен мемлекет шығыны туралы заң жобасын сынаған.
АҚШ президенті бұл құжатты "үлкен әрі әдемі заң" деп атайды. Конгрестегі өкілдер палатасы бұл заңды сәл басымдықпен қабылдаған...