Мемлекет басшысы Польша президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Польша президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша президенті болып сайлануымен құттықтады.
— Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеу жолындағы игі бастамаларыңыз бен қолға алған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуына шынайы тілектеспін. Қазақстан мен Польша арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарды...