Құрбан айт намазының кестесі жарияланды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел өңірлеріндегі Құрбан айт намазының кестесін жариялады.
— 6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз, — делінген хабарламада.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы биыл елімізде Құрбан айт мерекесі қай күні басталатынын айтты.
– Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алған.