1,5 жылдан 23 жылға дейін: Шерзат ісі сотында прокурор айыпталушыларға жаза сұрады
Маусымның 2-і, дүйсенбі күні Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесінде жарыссөз басталды.
Мемлекеттік айыптаушы соттан жасөспірімнің қазасына байланысты айып тағылған тоғыз адамды қылмыс жасағаны үшін айыпты деп тануды сұрады. Прокурор оларды келесідей мерзімге бостандығынан айыруды ұсынды:
Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) және 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 24-баптың 3-бөлігі (қылмыс жасауға дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) бойынша ...