Стамбұл мэриясының ондаған шенеунігі "пара алған" және "бопса жасаған" деген күдікпен ұсталды
Стамбұлдың бас прокуратурасы қала мэриясының 47 қызметкерін қамауға алуға пәрмен берді. Олар "пара алған" және "бопса жасаған" деген күдікке ілінген.
Haberturk телеарнасының хабарлауынша, бұл шенеуніктер Стамбұл қаласының мэрі Экрем Имамоғлының үстінен қозғалған жемқорлық ісі аясында тұтқындалған.
Түрік арнасының мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін 31 адам ұсталған. Олардың арасында Стамбұлдың Бешікташ және Бүйүкчекмедже деген екі ауданының әкімдері бар. Тергеу долбары бойынша, Бүйүкчекмедже мэрі...