Түркияда түркіменстандық белсенді Үмида Бекжанова ұсталған
30 мамыр күні Стамбұлда үстіне жай киім киген белгісіз біреулер Түрікменстаннан шыққан белсенді Үмида Бекжанованы ұстап, депортация орталығына алып кеткен. Мұны 31 мамыр күні Швецияда тұратын түрікмен оппозиционері Халмурад Союнов Үмиданың адвокаттарына айтқанына сүйеніп, өзінің YouTube-арнасында хабарлады .
Союновтың айтуынша, Түрікменстанның арнаулы қызметі мен Түркиядағы елшілігінің өкілдері Үмида Бекжанованың Стамбұлдағы тұрғылықты мекенжайын ұзақ уақыт бойы анықтай алмаған. Оны табу үшін түрлі айла-шарғы қолданған.