«Бақытты бала-бақытты ел» мерекелік шарасы өтті
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт — ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Халықаралық балаларды қорғау күні — балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін мерейлі сәт. Аудан орталығында орналасқан Ақәділ Суханбаев атындағы саябақта бұл күн айрықша аталып өтілді.
Саябақ іші бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің күміс күлкісіне толды. Онда асфальтқа сурет салу байқауы, шағын футболдан 2012-2013...