Қазақстанда түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады
Қазақстанда мектеп түлектері кешке дайындалып жатыр. Кеше ғана мектепте сабақ оқып жүрген бозбала мен бойжеткен бүгін сәнді киім іздеп жүрсе, ата-аналар салтанатты шара өткізбек. Kazinform агенттігі еліміздің әр өңіріндегі бағаны салыстырды.
Мектеп бітіру кешіне кетер шығынды есептеу үшін екі адамға (бала мен ата-ананың бірі) қажетті қаржы есептелді.
Мейрамхана
Ең негізгі шығын – мерекелік дастарқан. Мейрамханаларда екі адамға 40 000 – 150 000 теңге қажет. Бұл қаржыға тіскебасар...