Қазақстан аумағында ГУЛАГ жүйесінің 11 лагері орналасты — Президент
Бұл туралы Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада айтты.
— Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат заманда қаза болған жандардың рухына тағзым етеміз.
Өткен ғасырда Кеңес Одағына қарасты көптеген халық талай қиындықты бастан өткерді. Соның ішінде қазақ елі де зобалаң жылдардың тауқыметін тартты. Күшпен ұжымдастыру науқаны кезінде мал-мүлкінен айырылды. Жұртымыз алапат аштықтан қынадай қырылды...