Ербол Қарашөкеев дарынды оқушылармен кездесті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев халықаралық, республикалық білім-ғылым бәсекелерінде топ жарған 132 дарынды оқушымен кездесті.
– Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен үздіксіз ізденістеріңіздің арқасында еліміздің, соның ішінде өңіріміздің абыройы халықаралық деңгейде асқақтап келеді. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Түрлі сайыстарда жеткен жетістіктеріңіз – үлкен өмірге сенімді қадам, жарқын болашақтың бастауы деп білемін. Сіздер – ел ертеңінің тірегі, ұлт үмітін арқалаған жас буынсыздар.