Аймақтық Ассамблеяның ХХVІІІ сессиясы өтті
Бүгін Достық үйінде Жамбыл облысының әкімі, аймақтық ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІІ сессиясы өтті.
«Елдің бірлігі – мемлекеттің тірегі»: Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиялық бағдарының басты негіздері» атауымен өткен жиынға облыс және қала басшылығы, құқық қорғау органдары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағалары, өңірлік ҚХА мүшелері, құрылымдары, этномәдени бірлестік жетекшілері, саяси партиялар, дін өкілдері...