"Важные истории": 2024 жылы әскермен келісімшартқа 407 мың адам қол қойған
2024 жылы Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа 407,2 мың адам қол қойды. "Важные истории" басылымының жазуынша, Ресейдің федералдық бюджетінің былтырғы шығыны туралы деректерді саралаған журналистер осындай қорытындыға келген.
Басылымның жазуынша, 407,2 мың адам — бұл 2024 жылы әскерге тартылғандардың ең жоғарғы көрсеткіші, ал ең аз көрсеткіш – 374,2 мың адам.
Мұндай айырмашылық 2024 жылы тамызда Ресей басшысы Владимир Путиннің келісімшартқа отырғандарға төленетін ақшаны 195 мыңнан 400 мың рубльге дейін арттыруымен байланысты.