Министр: Судың «қара нарығы» бар екені рас
Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында депутат Ерлан Сайыров «Қазсушар» мекемесінің менеджментін сынады.
— Өңірлерге барған кезде осы мекеменің азаматтары жергілікті халыққа суды заңсыз береді деген ақпарат бар. Осы мәселені қашан жоясыздар? Жылына су ресурстарының 40 пайызы заңсыз кетеді екен. Бұл қалай? Ірі жобаларды іске асырмас бұрын бар суды шаруашылыққа үнемді пайдалану мәселесін көтеруіміз керек. Сіздер әлі күнге дейін бар суды үнемдеу механизмін реттеген жоқсыздар, — деді ол.
...