Ақтауда ер адамның сатушы әйелді соғып жіберген видеосы тарады
Желіде ер адамның сатушы әйелді ұрған сәті түсірілген видео пайда болды. Оқиға куәгерлердің көз алдында болған. Жазба әлеуметтік желілерде жылдам таралып, қызу талқыға себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бейнебақылау камерасынан алынған кадрларда әйелдің кассада тұрып, ер адамға бір нәрсе түсіндіріп тұрғаны көрінеді. Бір сәтте ер адам ашуға булығып, сатушының бетінен жұдырықпен ұрады. Сатушы соққыдан теңселіп қалғаны байқалады. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, оқиға Ақтаудың 27-ықшамауданындағы дүкенде болған.