Енді мамандандырылған ХҚКО-ларда келушілер суретке түсіріледі
MХҚКО-ларда жеке тұлғаны сәйкестендіру процесі автоматтандырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді.
Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-ларда азаматтарды сәйкестендіруді қызмет алушы ұсынған құжат негізінде қызметкер жүзеге асыратын. Енді рәсімдеу барысында азаматтың түрі суретке түсіріледі...